Зарина Дияс әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосылуға уәде берді

Зарина Дияс әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосылуға уәде берді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосылуға уәде берді, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық қыз-келіншектер күніне орай әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Бұл жиында теннистен Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Дияс та болды. Ол жиын барысында спортқа ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтып, алдағы уақытта әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосыламын деп уәде берді.

— Осыдан бірнеше жыл бұрын мен сіздің теннис ойнағаныңызды көрдім. Содан кейін сұхбатыңызды оқыдым. Сіз сол кезде елімізде теннис, гольф және тау шаңғысын кеңінен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырдыңыз. Сіз – мен үшін үлгі тұтатын тұлғасыз. Мен бүгінде әлемнің көптеген елдерін аралап жүрмін. Содан көзім жеткені – жастар үшін Қазақстаннан артық ел жоқ. Сіздің сол қолмен жасайтын соққыңыз Рафаель Надальдің стильіне ұқсайды. Мұны мен теннисші ретінде айтып отырмын. Алдағы уақытта тынбай еңбек етіп, Уимблдон турнирін жеңіп, әлемнің он үздік теннисшісінің қатарына қосыламын деп уәде беремін. Барлық жеңістерімді Қазақстанға және Сізге арнаймын, - дейді жиын кезінде сөз алған Зарина Дияс.

Сондай-ақ жиын барысында Зарина Қазақстанның қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады.

— Қазақстанның барлық қыз-келіншектерін мерекелерімен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Әрдайым биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін, - дейді теннисші.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или