Еуро-2020 турнирінің үздік голы анықталды

Еуро-2020 турнирінің үздік голы анықталды

Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шиктің Шотландия қақпасына соққан голы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздігі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап.

Шик топтық кезеңде Шотландия қақпасына 45 метрден аса қашықтан гол соқты. Бұл Еуропа чемпионаттары тарихында ең алыстан салынған гол болып тіркелді. 

ЕУРО-ның үздік голына он шақты үміткерді УЕФА техникалық бақылаушылары анықтаған. Ал номинация үздігін жанкүйерлер таңдады. Оған 800 мыңға жуық адам қатысқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или