Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылар қандай спорт кешендерінде бақ сынайды?

2020 жылғы Токио Олимпиадасының басталуына небәрі тоғыз күн қалды. Қазақстан құрамасы жауапты сәтке тыңғылықты дайындалып жатыр. Olympic.kz Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың бақ сынайтын спорт кешендерімен таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде барлығы 40-тан астам спорт нысандары қолданылады. Олардың 33-і Токиода орналасса, басқа құрылымдар Жапония астанасынан тыс жерде орналасқан. Сонымен қатар, объектілер географиялық тұрғыдан «Мұра аймағы» және «Токио шығанағы аймағы» кластерлеріне бөлінеді.
National Olympic Stadium
Спорт түрлері: Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, жеңіл атлетика
Makuhari Messe
Спорт түрлері: Күрес түрлері, таеквондо, фехтование
Nippon Budokan
Спорт түрлері: дзюдо, каратэ
Ariake Gymnastics Centre
Спорт түрлері: Көркем және спорттық гимнастика
Musashino Forest Sport Plaza
Спорт түрлері: Қазіргі бессайыс (семсерлесу)
Tokyo Aquatics Centre
Спорт түрі: Жүзу, әртістік жүзу
Sapporo Odori Park
Спорт түрі: Жеңіл атлетика (спорттық жүріс)
Izu Velodrome
Спорт түрлері: Тректегі велоспорт
Fuji International Speedway
Спорт түрі: Шосседегі велоспорт
Tokyo International Forum
Спорт түрі: Ауыр атлетика
Kokugikan Arena
Спорт түрі: Бокс

Sea Forest Waterway
Спорт түрлері: Байдарка мен каноэде есу (спринт), академиялық есу
Kasai Canoe Slalom Centre
Спорт түрі: Слаломды есу
Asaka Shooting Range
Спорт түрлері: Ату (соның ішінде қазіргі бессайыс)
Yumenoshima Park
Спорт түрі: Садақ ату
Tatsumi Water Polo Centre
Спорт түрі: Су добы
Aomi Urban Sports Park
Спорт түрі: Спорттық құзға өрмелеу
Tokyo Ajinomoto Stadium
Спорт түрі: Қазіргі бессайыс
Ariake Tennis Park
Спорт түрі: Теннис
Tokyo sport palace
Спорт түрі: Үстел теннисі
Айта кетерлігі, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады.
Фото: tokyo2020, olympteca