Бүгін Минскіде еркін күрес пен әйелдер күрестен Гран-При басталады

Бүгін Минскіде еркін күрес пен әйелдер күрестен Гран-При басталады

Бүгін Белорусияның Спорт сарайында үш дүркін олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесіне әйелдер күресі мен еркін күрестен 45-нші Халықаралық жарыс басталады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дәстүрлі додаға 28 ел құрамалары, соның ішінде 300-ден астам спортшылар қатыспақ. Беделді белорусиялық күресшінің алғашқы турнирі 1970 жылы өткізілсе, 21 жыл бүрын Халықаралық күрес федерациясы жарысты Гран-При сериялы жарыстарға қосты. Бүгін Минскідегі спорт алаңына келесі салмақ дәрежелеріндегі қазақстандықтар шығады: әйелдер (48 кг, 55 кг, 60 кг, 69 кг) және ерлер (57 кг, 65 кг, 74 кг, 97 кг).

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының сапында Элеонора Абуталипова және Ирина Борисова (48 кг), Марина Седнева мен Айжан Ысмағулова (55 кг), Аяулым Қасымова мен Мадина Бақбергенова (60 кг), Азиза Тұрмағанбет, Алма Сүрімбетова мен Эльмира Сыздықова (69 кг) өнер көрсетеді. Ерлер арасында бүгін келесі палуандар бозкілемге шығатын болады: Данияр Құттыбек (57 кг), Саятбек Оқасов, Бақдаулет Уәли, Асхат Исламханов және Амандык Бакеев (65 кг), Нұрдаулет Көктеубаев пен Ақжүрек Таңатаров, Аслан Азизов, Ильяс Сатыбалдин, Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев, Берік Арынов, Жігер Закиров (74 кг), Әлихан Жұмаев және Мамед Ибрагимов (97 кг).

Ертең, 7 наурызда келесі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады - әйелдер - 53, 58, 63, 75 кг; ерлер - 61, 70, 86, 125 кг.

confederation.kz ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или