Таеквондодан Қазақстан құрамасы Катарға аттанды

6 мен 9 аралығы Парсы шығанағының жағалауында, ең үлкен араб мемлекеті Катар астанасы Дохада таеквондодан (WTF) "1st Qatar International Open 2015" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

G-1 дәжересіндегі жарыста 400-ден астам әлем үздіктері бақ сынайтын болады. Жарыстың алғашқы күні 49, 57, 67 келеге дейін және 67-ден жоғары салмақ дәрежесіндегі әйелдер және 54, 63, 74 келеге дейін және 87-ден жоғары салмақтағы еркектер сынға түседі. Жарыс кестесін www.kaztkd.kzсайтының құжаттар бөлімінде таба аласыздар.

Дохада өтетін беделді жарыста ел намысын 8 спортшы қорғайтын болады. Олардың арасында «Eagle» жобасының үздік таеквондошылары Нұрсұлтан Мамай мен Қайрат Сарымсақов және де таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесші-бапкері, корей маманы Ю Енг Джин командасының 6 спортшысы бар.

Бас жаттықтырушы Мұстахим Қабдрашевтің айтуынша, ұлттық құрама Катарға жақсы нәтиже көрсету үшін аттанды. Сондай-ақ бас бапкер әлем біріншілігінің алдында өтетін әрбір жарыстың маңыздылығы зор екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, бар жоғы 2 айдан кейін Ресейдің Челябі қаласында таеквондодан ересектер арасында Әлем Чемипионаты өтетін болады.

kaztkd.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или