Мәриям Ордабаева: «Спорттың сұлулыққа кері әсері жоқ»

Еліміздегі ең әдемі спортшы қыздардың бірі – Мәриям Ордабаева. Ол былтырғы жылы Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен қола жүлдегер атанды. Одан бөлек әлемдік Гран-при турнирінде үш рет үздік үштіктен көрінген балуан (Алматы-2013, Ташкент-2013, Ұланбатор-2014). Екі дүркін Қазақстан чемпионы. Әлем және Еуропа кубогының жүлдегері. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Әлемдік рейтингте 34-ші орында орналасқан.

– Егер спорт кең дала десек, әйел – сол даладағы гүл, егер спорт ашық аспан десек, әйел – сол аспандағы жұлдыз, егер спорт мұхит десек, әйел –аққұшақ толқын, Егер спорт ғажайып ғалам десек, әйел – сол ғаламдағы теңдессіз, – дейді белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев.

Несіп ағаның бұл сөзін неге жазып отырғанымызды түсінген боларсыздар. Бүгінгі күні спортты серік еткен нәзік жанды арулар қаншама?! Олардың арасында өзіміздің қарагөз қыздар да жетіп-артылады. Тіпті, ауыр атлетика, бокс, күресте де қазақ қыздары баршылық. Алайда жанкүйер қауым аталған спорт түрлерімен айналысатын қыздарға басқаша көзбен қарайды. Дегенмен бұл стеротипке сәйкес келмейтін, нәзіктігі мен ғажайып сұлулығын сақтаған арулар да бар. Солардың бірі дзюдошы – Мәриям Ордабаева.

Инчхондағы XVII жазғы Азия ойындары кезінде Мәриямның күресіне тәнті болдық. «Dowon Gymnasium» кешенінде өткен дзюдо сайысында 63 келіге дейін салмақта белдескен жерлесіміз қола жүлдегер атанды. Бұл оның спорттық карьерасындағы әзірге ең үлкен жетістігі болып тұр. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Мәрияммен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Мәриям бүгінгі заманның қыздары қандай болуы тиіс деп ойлайсың?

– Бұрынғы уақытпен салыстырғанда қазіргі кезде көптеген өзгеріс бар. Бірнеше аспектілер бойынша қыздар бүгінгі заманның талабына сай өмір сүруде деп ойлаймын. Дегенмен біз өзіміздің нәзіктігіміз бен сұлулығымызды сақтап, ер-азаматтардың алдында әрқашан әдемі болып көрінуіміз керек.

– Сегізінші наурыз сіз үшін қандай мереке?

– Бізде үнемі оқу-жаттығу жиындарында немесе жарыстарда жүреміз. Тіпті, мереке күндерінде де бола бермейміз. Сегізінші наурызда да солай. Әрине бұл біздің жұмысымыз. Сыртта жүргенде мереке күндері жақындарымды телефонмен құттықтаймыз. Бірақ биыл жаттығу жиындары 10 наурызда басталады. Сондықтан үйде болуға мүмкіндігім бар. Мереке күні гүлімді алып, бірінші кезекте анам мен әжемді құттықтаймын. Қастарында болып, емен жарқын әңгімелесіп, қуантатын боламын.

– 8 наурызда алған қай сыйлығыңыз ерекше есте қалды?

– Мен негізі сыйлыққа қарағанда көбірек көңіл бөлгенді, жылы сөз арнағанды жақсы көремін. Ал егер сыйлық беріп жатса ол енді бонус қой. (күліп).

– Қандай гүлді жақсы көресіз?

– Белгілі бір нақты осы гүлді ұнатамын деп айта алмаймын. Шын жүректен сыйланған кез келген гүлді қуана-қуана ала беремін.

– Үйіңізде гүл өсіресіз бе?

– Иә. Үйде гүл өсіремін. Антуриум және Спатифиллум деген гүлім бар. Яғни антуриум деген әйел бақыты, спатифиллум ер адамдардың бақыты дегенді білдіреді. Сондай-ақ Архидея мен кактус өсіремін. Себебі мен үйде көп бола бермеймін. Кактус шыдамды. Оған күнде су құюдың қажеті жоқ.

– Әрдайым әдемі болып жүресіз. Өзіңіздің сымбатыңызды қалай күтесіз?

– Әрине бірінші кезекте бет-әлпетімнің осындай әдемі болғаны үшін ата-анама рахмет айтамын. Опа-далапты қолдана бермеймін. Шының айтқанда, бетімді әрлеп мейкап жаққаннан гөрі лейкопластырь қолдануым жиірек.

– Жаттығу мен жарыстардан қолыңыз қалт еткенде немен айналысасыз?

– Табиғатты өте жақсы көремін. Әсіресе, таулы жерді ұнатамын. Шаңғымен сырғанау, балық аулау – менің ең сүйікті хоббиім. Әрине, уақыт өте тапшы. Бірақ мүмкіндік бола қалса пайдалануға тырысамын.

– Спорттан басқа қандай өнерге икеміңіз бар?

– Жас кезімде гимнастикамен айналысқанмын. Сурет үйірмесіне барған кезім де болған. Өлең жазатынымды көп адам біле бермейді.

– Спортшы қыз үшін жаттығудан бөлек, күнделікті тағам да маңызды шығар...

– Әрине. Жарыс алдында диета ұстайтыным бар. Ондай кезде көп тағамнан бас тартамын. Ал өзіме тәтті бәліш ұнайды.

– Былтырғы жылы Чеджудегі гран-приде 70 келіде өнер көрсеттіңіз. Негізінен 63 келіде күресіп жүргеніңізді білеміз. Қай салмақ сізге ыңғайлы?

– Ол кезде менің қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Сондықтан өз салмағымды ұстай алмадым. Ондай жағдайда салмақ қуу оңай емес. Сол себепті 70 келіде барған болатынмын. Әйтпесе, басқа кездері 63 келі салмақты ұстауға тырысамын.

– Жақында Дюссельдорфте өткен турнирге ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары қатысты. Сіз неге бұл жарыстан тыс қалдыңыз?

– Өкінішке қарай, бұл жарысқа тағы да денсаулығыма байланысты қатыса алмадым.

– Жаңа жылдың басында ұлттық құрамаға 48 келіде моңғолиялық легионер қыз келді. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, дзюдоға сырттан спортшы шақыру қажет пе?

– Мен бұл сұраққа қатысты ештеңе айта алмаймын. Сырттан легионер шақыруды Федерация мен ұлттық құраманың бапкерлері шешеді. Ал жалпы мықты спортшы келіп жатса, онда бәсекелестік арта түседі деп ойлаймын.

Тамызда Қазақстанда әлем чемпионаты өтеді. Осы жарыста қазақ қыздары жүлдеге ілігеді деп ойлайсыз ба? Өйткені бұған дейін ешкім медаль алған жоқ қой...

– Тұңғыш рет елімізде өтетін жаһандық жарыста жүлдеге таласатын боламыз. Осындай үлкен дода Қазақстанда болып жатқанда, аянып қалмасымыз анық. Сондықтан біздің құрама жанкүйерлерін жеңісімен қуантады деп сенемін.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Осы наурыз айының соңында Түркияда кезекті рет әлемдік турнир өтеді. Сол жарысқа қатысамын. Жалпы, негізгі мақсатым әлемдік Гран-При турнирлерінде көп ұпай жинау арқылы көрсеткішімді жақсарту. Өйткені, Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтегі ұпайың ескерілетіні белгілі. Тамыз айында Астанада әлем чемпионаты өтеді. Бұл – қазақ дзюдосы үшін үлкен жаңалық. Оның әр жағында Олимпиада тұр.

– 8 наурызға әйелдер, қыз-келіншектерге айтар тілегіңіз...

– Көктемгі көңіл күй, әйел бақыты және ең бастысы денсаулық тілеймін!

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Бек ТӨЛЕУОВ

baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или