Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы соңғы жаттығу жиынын бастады

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы соңғы жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Токио Олимпиадасының жолдама иегерлері бүгінде Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Орталық стадионда отандық атлеттер Дмитрий Карповтың жетекшілігімен дайындықтарын пысықтап жатыр.

Жаттығу жиыны 26 шілдеге дейін жалғасады. Одан кейін жеңіл атлеттер Олимпиада ойындарына қатысу үшін Жапонияға аттанады.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Ольга Рыпакова Токиоға командадан бұрын барады. Себебі ол Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер