Әлем футболы

Италия – Еуропа чемпионы! Пенальти сериясында Англияны жеңді, ал Саутгейт ойын соңында қателесті

Италия – Еуропа чемпионы! Пенальти сериясында Англияны жеңді, ал Саутгейт ойын соңында қателесті
news-banner7
mobile-news-top

Италия құрамасы пенальти сериясында Англияны жеңіп, Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал.

Италия – Англия 1:1, пенальти сериясында 3:2

Жанкүйерлер голды ұзақ күтпеді. 2-минутта ағылшындар Италия футболшыларының қысымына қарамастан есеп ашты. Люк Шоу айып алаңында қараусыз қалып, Триппьер асырған допты голға айналдырды. Бұл Еуропа чемпионаттарының финалындағы ең жылдам гол болды.

Гол соғып алған Англия қорғанысқа көңіл бөлді. Италиялықтар таразы басын теңестіруге тырысты, бірақ жылдам гол барлық жоспарын бұзғандай болды.

Ал үзілістен кейін итальяндар қызық футбол көрсете бастады. Вингерлер сәт сайын қаптал ауыстырса, шабуылдар қауіпті соққылармен аяқталды. Бірақ Джордан Пикфорд өз қақпасына келген доптың бәрін қайтарды. 67-минутта да ол соққыны қайтарған, бірақ допқа Леонардо Бонуччи бірінші жетіп, допты бос қақпада тулатты.

Ойын экстра-таймға жалғасып, алаңда жанжал, қақтығыс көп болды. Бірақ соның өзі қызық. Командалар шабуылдауды да ұмытпады. Бірақ сәт сайын қақпашылар командасын құтқарып тұрды.

Ойынның соңғы минутында Англия бас бапкері Гарет Саутгейт пенальти сериясына арнайы Маркус Рашфорд пен Джейдон Санчоны шығарды. Бірақ, бір қызығы, дәл осы футболшылар мен соңғы болып тепкен 19 жастағы Букайо Сака гол соға алмай қалды. Еуропаның жаңа чемпионы анықталды – қорғанысы мығым, шабуылы шебер Италия!

Еуропа чемпионаты– 2020. Финал.

Италия – Англия 1:1 (0:1, 1:0, 0:0)

Пенальти сериясы – 3:2.

Голдар: Бонуччи 67 – Шоу 2.

Италия: Д. Доннарумма (Қ), Ди Лоренцо, Кьеллини (К), Верратти (Локателли 96), Жоржиньо, Л. Инсинье (Белотти 91), Эмерсон (Флоренци 118), Кьеза (Бернардески 86), Иммобиле (Берарди 55), Барелла (Кристанте 54), Бонуччи.

Англия: Пикфорд (Қ), Уокер (Санчо 120), Стоунз, Магуайр, Шо, К. Филлипс, Райс (Хендерсон 74, Рашфорд 120), Триппьер (Сака 70), Маунт (Грилиш 99), Стерлинг, Кейн (К).

12 шілде. Лондон. «Уэмбли».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер