Қазақстандық теннисші Францияда өткен турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексвилл қаласында өткен Grand Est Open 88 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық-норвегиялық жұп финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманды жеңді.
1 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:0, 1:6, 10:4 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или