Ресми: Сұлтанбек Астанов - «Ордабасы» ойыншысы
«Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астановпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Сұлтанбек шымкенттік футболдың тәрбиеленушісі, алғаш рет ол «Ордабасымен» кәсіби еңбек-шартына отырған, 2017 жылдан бері алматылық «Қайрат» сапында доп тепті. Премьер-Лигада барлығы - 34 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
⠀
Қазақстан жастар құрамасы сапында 3 кездесуге қатысып, 1 гол соқты. «Қайрат» командасымен чемпионаттың жеңімпазы және вице-чемпионы атанған (2020, 2019).
⠀
Анықтама: Сұлтанбек Астанов
Туған күні: 1999-жылдың 23 наурызы (22 жас)
Алаңдағы рөлі: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Қазақста
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или