Батырбек Есдәулетов: Спортшылардың функционалдық тұрғыдан дайындығын жетілдіреміз
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындары алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов Olympic.kz сайтына қос атлеттің Токио Олимпиадасына дайындығы тіралы айтты.
"Бүгінгі таңда біздің Олимпиадашыларымыз Руслан Жапаров пен Жансель Дениз Алматы қаласында Олимпиада ойындарының алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізіп жатыр. <br />Дайындығымызға келетін болсақ, аптаның соңына дейін спортшыларды функционалды тұрғыдан шеберлігін шыңдаймыз. Соңғы кезде спортшыларымыздың осы тұрғыдан ақсап тұрғанын байқадық. Мүмкін, жағдайдың мұндай болуына пандемия да кері әсерін тигізген шығар. Сонымен қатар, жарыстың аз болуы, ірі додалардағы тәжірибенің жетіспеуі байқалады.
Қазіргі уақытта мен спортшыларға техникаларын аздап қосуға кеңес беремін. Олимпиада ойындарының көптеген қатысушылары басқа елдерден кім келетінін білетіндіктен, олар қарсыластарының күшті және әлсіз жақтарын бақылап, зерттейді. Сондықтан, қажетті ұпайларды жинау үшін оларды бір нәрсемен таң қалдыру керек. Біздің спортшыларға осы аспектіні жетілдіріп, жұмыс істеп, былайша айтқанда қарсыластарына «тосынсыйлар» дайындауды айттық", - дейді аға жаттықтырушы Батырбек Есдәулетов.