Софья Берульцева: Бұл біздің көптен күткен бірінші Олимпиадамыз

Софья Берульцева: Бұл біздің көптен күткен бірінші Олимпиадамыз

#TeamKz мүшелері Токио Олимпиадасына қызу дайындықты жалғастырып жатыр. Каратэден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Берульцева Olympic.kz сайтына төртжылдықтың басты додасына деген дайындығы туралы айтып берді.

"Олимпиада ойындарына қатысу мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Әрине мұндай нәтижеге жету, лицензия алу, Олимпиада ойындарына қатысу - әрбір спортшының арманы. Сонымен қатар, бұл - біздің көптен күткен бірінші Олимпиадамыз. Токио Олимпиадасына дайындық жақсы жүріп жатыр. Қазіргі таңда Алматы облысында "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарымызды пысықтап жатырмыз. Бар күшімді салып, шеберлігімді шыңдаудамын", - дейді Софья Берульцева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или