Қазақстан мен Италия кездесуі - «KAZsport» телеарнасында

6-8 наурызда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде теннистен Дэвис Кубогының алғашқы айналымында Қазақстан мен Италия құрамалары кездесу өткізеді.

Италия құрамасының намысын Фабио Фоньини, Андреас Сеппи, Симоне Болелли және Паоло Лоренцилер қорғаса, біздің атынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов шығады.

Сондай-ақ, бүгін жеребе тарту рәсімі өтті:

6 наурыз

Михаил Кукушкин — Симоне Болелли

Андрей Голубев — Андреас Сеппи

7 наурыз

Александр Недовесов/Андрей Голубев — Фабио Фоньини/Паоло Лоренци

8 наурыз

Михаил Кукушкин — Андреас Сеппи

Андрей Голубев — Симоне Болелли.

Егер, Қазақстан құрамасы Италиялық теннисшілерді жеңетің болса, үздік сегіздіктің қатарына енеді.

Былтыр Қазақстан құрамасы ширек финалда Бельгия құрамасынан ұтылған еді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или