Иван Дычко Тайсон Фьюридің лагерін тастап, Алматыға ұшып келді

Иван Дычко Тайсон Фьюридің лагерін тастап, Алматыға ұшып келді

Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Иван Дычко (9-0, 9КО) ресейлік Денис Бахтовпен жекпе-жек үшін Алматыға жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дычко мен Бахтов арасындағы жекпе-жек 10 шілдеде Алматыда MTK Kazakhstan ұйымдастыратын бокс кеші аясында өтеді. 41 жастағы Денис Бахтов (39-18, 26КО) - Қарағанды тумасы, қазір Ресей азаматы. Кәсіпқой бокста ол WBC Asian (2008), WBO Asia Pacific (2007) және PABA (2008, 2009-2010) титулдарын иеленген, Еуропа рингінде 2012 жылы Латвия чемпионы болды. 2014 жылы қазанда Лондонда қазіргі IBF, WBA, WBO және IBO белбеуінің иегері Энтони Джошуамен WBC International титулын сарапқа салды, бірақ екінші раундта жеңіліп қалды.

Еске салайық, ауыр салмақта әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері және Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко осы уақытқа дейін Майамиде (АҚШ, Флорида) ауыр салмақтағы WBC чемпионы ұлыбританиялық Тайсон Фьюримен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізген. Ол Тайсонмен бір залда айналысып қана қоймай, сонымен бірге ұлыбританиялықтың спарринг серіктесі болды.

Дычко кәсіпқой рингте 2017 жылдың қыркүйегінде америкалық Обур Райтқа қарсы дебютін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Содан бері өзінің барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтауды әдетке айналдырды. 2019 жылдың шілдесінде өткен кейінгі жекпе-жегінде Иван екінші раундта америкалық Нэйт Хэвенді нокаутқа түсірді. Ардагер Бахтовқа қарсы жекпе-жекте де боксшымыз қиындықсыз жеңеді деп ойлаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или