Садриддин Ахмедов жарақат алғаннан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Садриддин Ахмедов жарақат алғаннан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Канададағы жекпе-жегі өтпейтін болған соң, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум баршаңызға! Барлық қолдаушыға үлкен алғыс білдіремен және осы жекпе-жекті күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Біз еліміздің көк туын жоғары көтеру үшін жақында қайта ораламыз, шынында өзіміз қатты қүтіп жүрген жекпе-жегімізге дайындық барысындағы жарақатымыз үшін өкінеміз. Біздің қолымыздан тек амал, ал шешімді Алла қабылдайтынын білеміз!», –деп жазды 23 жастағы боксшы Инстаграм-парақшасында.

16 шілдеде Садриддин Ахмедов Шавиниганда (Квебек, Канада) бірінші орта салмақтағы NABF және WBA Continental титулдары үшін канадалық Мпонда Калунгамен (8-2, 3 КО) кездесуі керек болған. Алайда қазақстандық боксшы жаттығу кезінде жарақат алып қалған еді.

Фото instagram.com/sadriddin_____soq

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или