Усик - Джошуа жекпе-жегіне алпыс мыңнан астам көрермен жиналуы мүмкін
Александр Усик (18-0, 13 KO) - Энтони Джошуа (24-1, 22 KO) арасындағы жекпе-жек өтетін аренаға 60 мыңнан астам көрермен кіре алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Майкл Бенсонның Twitter-де жазбасына сенсек, 19 шілдеден бастап Ұлыбританияда шектеулер жеңілдетіліп, спорт стадиондарының трибуналары 100 пайызға дейін толтырылуы мүмкін.
Усык пен Джошуаның жекпе-жегі 25 қыркүйекке жоспарланған және 62850 жанкүйерді қабылдай алатын Тоттенхэм Хотспур аренасында өтеді.
Соңғы жекпе-жегінде Усик Дерек Чисораны ұпай бойынша жеңді. Джошуа өткен жылдың соңында Кубрат Пулевті нокаутпен ұтып, үш чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
ANNOUNCED: UK Prime Minister Boris Johnson has declared that fans will be allowed back to live sport at 100% capacity after COVID restrictions end on July 19th. Anthony Joshua vs Oleksandr Usyk (targeted for Sept 25th at Spurs) will be permitted a full 60,000+ crowd. pic.twitter.com/RODokjn1Bd
— Michael Benson (@MichaelBensonn) July 5, 2021