Коттоның бапкері өз шәкіртінің Головкинді жеңетініне сенімді

Коттоның бапкері өз шәкіртінің Головкинді жеңетініне сенімді

Америкалық кәсіпқой боксшы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Коттодан жеңілетініне сенімді.

"Головкинмен болатын жекпе-жек Коттоның кеңесшісі Пенагариканоға байланысты. Мен келіссөздерге жауап бермеймін. Ал, Коттоның Головкинді жеңетініне 100 пайыз сенімдімін. Мен қарсылас таңдауға араласа алмаймын. Сондықтан біз бірінші алдағы жекпе-жекті жеңуіміз керек" деді Роуч.

Сондай-ақ, ол Головкинді сексенінші жылдардың ең үздік боксшысы саналған Марвин Хаглер сынды дәрежеге жете алады ма деген сауалға да жауап берді.

"Жоқ. Ол мықты, болашағынан үміт күттіретін боксшы. Бірақ, оның қарсыластары тым әлсіз болды. Мен Коттоны Головкинге қарсы дайындап жатырмын. Генаның рингтегі тапқырлығы керемет, бірақ ол әлі толықтай жетілмеген" деді бапкер журналистерге берген сұхбатында.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или