Эрисланди Лара: «Мақсатым - Котто немесе Головкинмен кездесу»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Кубалық кәсіпқой боксшы Эрисланди Лара келесі жекпе-жегінде Деметриус Андраде, Мигель Котто немесе Геннадий Головкинге қарсы жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Андрадемен жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ, ең басты мақсатым Котто немесе Головкинмен кездесу. Менің бұрынғы қарсыластарыма қараңыздаршы: Уильямс, Молина, Ванес, Траут, Канело, Ангуло және Смит. Мен тек қана мықтылармен жұдырықтасамын. Өз салмағымда мен ең мықты боксшымын. Деметриуспен кезінде ESPN арнасында небәрі он бес мың долларға шығуға дайын болғанмын, бірақ ол менен қорқып, жекпе-жектен қашқан болатын. Әуесқой бокста да оны талай рет жеңгенмін»,- деді кубалық боксшы <a href="http://www.fightnews.com/" target="_blank" title="Fightnews">Fightnews</a> сайтына. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или