Сұлтан Заурбек қай титул үшін жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Сұлтан Заурбек қай титул үшін жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

10 шілдеде Алматыда танымал қазақстандық боксшылардың қатысуымен МТК Kazakhstan үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп еске салады Prosports.kz

Кеш барысында жеңіліп көрмеген қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (10-0, 7КО) шаршы алаңға шығады. Ол британдық Ронни Кларкпен (21-4, 10КО) 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

BoxRec-тің хабарлауынша бәске WBO жеңіл салмақтағы бос тұрған Еуропа чемпионы атағының белбеуі тігіледі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсанда Алматыда Заурбек украиналық Владислав Мельникті (12-3, 7КО) төрешілер шешіммен жеңген болатын.

10 шілдеде Алматыда Тұрсынбай Құлахмет, Иван Дычко, Ержан Залилов және басқа да қазақстандық боксшылар өздерінің шайқастарын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или