Англия ірі есеппен жеңді, ендігі қарсыласы - Дания. Жартылай финалдағы жұптар белгілі болды
Чехия – Дания және Украина – Англия матчтарымен Еуропа чемпионатының ширек финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ецро-2020. ¼ финал.
Чехия – Дания – 1:2 (0:2)
Голдар: Дилейни 5 (0:1), Дольберг 42 (0:2), Шик 49 (1:2)
Чехия мен Дания құрамалары биылғы Еурода жартылай финалды сарапқа салады деп ешкім күтпеген болар. Егер бұл командаларға турнир басталмас бұрын үздік сегіздікке енесіңдер десе, екеуі де бақытты болатынына күмәнім жоқ.
Бірақ ширек финалға жеткен соң чехтерге де, даниялықтарға да бұл нәтиже жеткіліксіз болды - жартылай финалды қалады. Алайда жартылай финалға біреуі ғана өтеді, ал екіншісі қайткен күнде де еліне абыроймен қайтады.

Дания құрамасы чехтермен матчты өте белсенді бастады - Томас Делейни бесінші минутта-ақ есеп ашты, бұл Ярослав Шильгава командасының ойын жоспарын бұзғаны анық. Үзіліске аз уақыт қалғанда Дания Каспер Дольбергтің көмегімен екінші голын соқты - 0:2.
Бірақ кездесудің екінші жартысы бастала салысымен, Патрик Шик есеп айырмасын қысқартты. Ширек турнирдің үздік сұрмергені Криштиану Роналдуды қуып жетті - екеуінде бес голдан бар, бірақ чех пенальтиден аз гол соққан соң, португалиялықтың алдында тұр.
Чехия құрамасында есепті теңестіру немесе, тіпті, жеңу үшін бір тайм уақыт болды, бірақ даниялықтар қорғаныста сенімді ойнап, жартылай финалға шықты.
Украина – Англия – 0:4 (0:1)
Голдар: Кейн 4 (0:1), Магуайр 46 (0:2), Кейн 50 (0:3), Хендерсон 63 (0:4)
Дания құрамасының жартылай финалдағы қарсыласы турнирдің ширек финалындағы соңғы ойында - Украина мен Англия құрамалары арасындағы матчта анықталды. Бұл «үш арыстанның» Еуропа чемпионатында өз алаңы «Уэмблиде» ойнамайтын жалғыз ойын.
Дегенмен, бұл британиялықтарды тоқтатқан жоқ, олар кездесудің 4-минутында алға шықты, Гарри Кейн әріптестерінің комбинациясын голға айналдырды.
Үзіліске 0:1 есебімен кету қорқынышты емес, бірақ кездесудің екінші жартысы украиндар үшін қорқынышты басталды: бір минут өтпестен Гарри Магуайр ағылшындардың екінші голын соқты.

Бұл голдан соң украиналықтардың салы суға кетіп, кейін тағы екі гол жіберді. Кейн дубль авторы атанса, Джордон Хендерсон матч нүктесін қойды.
Англия бұл турнирде әлі гол жіберген жоқ. 7 шілдеде Гарет Саутгейт құрамасы финалға шығу үшін Даниямен күш сынасады. Тағы бір жартылайфиналдық жұпты Испания мен Италия құрады - олар 6 шілдеде кездеседі. Естеріңізге сала кетейін, құрлықтық жарыстың қалған үш кездесуі де Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді.