Нұр-Сұлтанда бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді
Нұр-Сұлтанда 5 шілде күні бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан айтты.
5 шілдеде бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар, 100-ден астам сәйгүлік қатысатындығы жоспарланған.
Жалпы 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан, 25 шақырымдық аламан, 23 шақырымдық Қостанай тұқымды жылқылар бәйгесі болады. Жалпы бәйгенің жүлде қоры 21 млн теңгені құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или