«Биік-Қазығұрт» пен «Оқжетпес» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын білді
Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл турнирде Қазақстан атынан Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» және Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2021/22 маусымынан бастап командалар «Чемпиондар жолында» 11 топқа және «Лига өкілдері» жолында 4 топқа бөлінді. Екі жолдағы бірінші айналым екі кезеңнен тұрады, олар бір матч форматында ойналады: жартылай финал және финал / үшінші орын матчы. Әр топтың жеңімпаздары (Чемпиондар жолында 11, Лига жолында төртеу) екінші айналымға өтеді. Шағын турнирдің қожайындары әр топтағы клубтардан таңдалады.
Қазақстанның қазіргі чемпионы «БИІК-Қазығұрт» «Чемпиондар жолының» екінші тобына енді, онда жартылай финалда Словакияның «Слованымен», ал «Оқжетпес» «Лига өкілдері» жолында Лондонның «Арсеналымен» ойнайды.
Бірінші кезеңнің жартылай финалы 18 тамызда, ал финалдар мен үшінші орын үшін матч 21 тамызда өтеді.
2 топ
«Глазго Сити» (Шотландия) – «Биркиркара» (Мальта)
«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) – «Слован» (Словакия)
4 топ
«Арсенал» (Англия) – «Оқжетпес» (Қазақстан)
ПСВ (Нидерланды) – «Локомотив» (Ресей)