Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты.

«Үлкен дулыға» жарысының 18-ракеткасы болып тіркелген, өткен айда 22-ге толған қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 46-ракеткасы, америкалық, 28 жастағы Шелби Роджерспен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Өткен жылы US Open додасында Ш.Роджерс 7:5, 6:1 есебімен ұтса, екі апта бұрын Е.Рыбакина Берлинде есе қайырған еді – 2:6, 6:3, 6:4. Уимблдонда үшінші айналымда америкалық спортшы күтпеген жерден әлемнің 18-інші, осы турнирдің 15-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді 7:5, 6:4 есебімен ұтып кеткен еді. Бірінші партияда қос брейк жасаған Елена қарсыласын қиналмай жеңді – 6:1.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, өз геймін де ала білді – 4:2. Содан кейін матчты эйспен бітірді – 6:4. Бір сағат 6 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 8, қарсыласы бір ғана эйс жасай алды. Қазақстандық теннисші 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или