Жанқош Тұраров Солтүстік Ирландияда жекпе-жек өткізеді
MTK ұйымы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады.
Жанқош Тұраров шілде айының соңында шаршы алаңға оралады. Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтетін бокс кешінде ол британиялық Тайрон Маккеннамен (21-2-1, 6 КО) жұдырықтасады.
Аталмыш кештің басты айқасының бірінде Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын қорғайды.
Қос боксшы сәуір айында Дубайда жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда бірнеше күн қалғанда Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып, шаршы алаңға шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или