«Крылья Советов» Абат Айымбетовпен келісімшартты бұзады

«Крылья Советов» Абат Айымбетовпен келісімшартты бұзады

«Крылья Советов» Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартты бұзады. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Ресейлік клубтың бапкерлер құрамы Абат Айымбетовке сенім артпайды. Сондықтан қазақстандық футболшымен келісімшартты бұзуды жөн деп санап отыр.

Абат Айымбетов өзінің кәсіби мансабын «Ақтөбе» командасында бастаған Абат Қазақстан чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ еурокубоктарға да қатысып үлгерді.

«Ақтөбеден» кейін Аймбетов «Қайрат» сапына ауысты. Онда шабуылшы чемпионаттың үздік сұрмергені атанып, алтын жүлдеге қол жеткізеді. Қыста Абат Ресейдің ФНЛ-ында ойнайтын «Крылья Советов» клубына ауысқан еді.

Шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 13 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Абат елордалық команданың сапында жазғы трансферге дейін жалға ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или