Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы анықталды
Boxrec.com сайты үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) рейтингіде көп жылдан бері көшбасшы болып отыр. Екінші орынға соңғы жекпе-жегінің арқасында Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) көтерілді. Үштікті Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) түйіндейді.
Маусым қорытындысы бойынша үздік 10 қазақстандық боксшы:
1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) — 516.0
2. Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) — 35.04
3. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) — 21.13
4. Данияр Елеусінов (10-0, 6КО) — 20.88
5. Қанат Ислам (28-0, 22КО) — 20.85
6. Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) — 15.68
7. Жан Кособуцкий (15-0, 14КО) — 10.36
8. Садриддин Ахмедов (12-0, 10КО) — 10.21
9. Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8КО) — 10.10
10. Әли Ахмедов (16-1, 12КО) — 9.361.