4 жыл үзілістен оралған қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды
4 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев шаршы алаңға оралады.
Boxrec мәліметінше, Бекман Сойлыбаев 10 шілдеде Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
<span>Қарсыласы 21 жастағы мексикалық Рамиро Цесена (13-0-1, 11 КО) болады. Ол соңғы 11 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жеткен. </span>
Бекман Сойлыбаев рингтегі соңғы жекпе-жегін 2017 жылы күзде өткізіп, мексикалық Фернандо Варгасты жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или