Александр Варакин: Римдегі турнирде өз мүмкіндігімді толық көрсете алмадым

Александр Варакин: Римдегі турнирде өз мүмкіндігімді толық көрсете алмадым

Жүзуден Италияның Рим қаласында өткен рейтингілік турнирде қазақстандық Александр Варакин де өнер көрсетті. 50 метрге еркін әдіспен жүзген ол тиісті нормативті орындай алған жоқ. Жарыстан соң Olympic.kz тілшісіне сұхбат берген спортшы Римдегі сәтсіздіктің себебін түсіндірді.

«Турнир біз үшін жаман өткен жоқ. Ал менің көрсеткішіме келер болсам, денсаулығыма байланысты аздаған қиындықтар туды. Бұл мәселені толықтай еңсердік, жақын арада бәрі дұрысталады. Бар әлеуетімді көрсете алмадым, десе де, бұл нәтижені өзім қанағаттанарлық деп бағалаймын. Жарыстың ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде. Тек күннің ыстық болғанын айта кеткім келеді.

Енді жүзуден Олимпиадаға қатысатын спортшыларды іріктеу басталады. Мен В тобында үздік нәтиже көрсеттім, уақыт көрсеткішім А тобына жаөын. Демек, іріктеу бойынша мені таңдайды деген үмітім мол. FINA бұл мәселені 4 шілде күні анықтайды», - дейді Варакин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или