Азия чемпиондары қарттар үйіне барды
Көпжылдық еңбек нәтижесінің көрінісі – медальға қол жеткізгеннен кейін, чемпион қыздарымызға бір мезет дамылдап, қоғамдағы мәселелерге де зер салуға уақыт табылғандай.
Біздің бокстан Азия чемпиондарымыз үшін келесі қадам Алматы қаласындағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-не (коммуналдық мемлекеттік мекеме) бару болды. Бұл қарттар үйі...
Қонақтарды орталықта үлкен қонақжайлықпен қарсы алды, кездесу ерекше жылы атмосферада өтті. Ән де айтылды, чемпиондарымызға сұрақтар да қойылды. Бұл кездесудің атмосферасы құдды бір ата-әжесіне жазғы демалысқа немерелері келгендей әсер қалдырды.
Кездесу Айымторы апаның қыздарға берген батасымен өз мәресіне жетті. Ал чемпиондар өз кезегінде денсаулықтарына жақсы қарауға, әрі Отанымызды әлемге таныта беруге уәде берді.