Мэнни Пакьяо Флойд Мейвезерді «жеп тынды»

Мэнни Пакьяо Флойд Мейвезерді «жеп тынды»

Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо болашақ қарсыласы, әлемнің ең үздік боксшысы америкалық кіші Флойд Мейвезермен жекпе-жекке дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Пакьяоның осы кездесуге киіп шығатын жейдесі жақында ғана дайын болды. Жейденің алдыңғы жағына «Пакмэн»-нің (Пакьяоның лақап аты) «Ақша» (Мейвезердің лақап аты) жеп жатқан суреті түсірілген. Бұл – филиппиндік боксшының Мейвезерді талап жеймін дегенінің белгісі болса керек.

Естеріңізге саламыз, бұл қос мықтының арасындағы кездесу биылғы жылдың 2 мамырында Лас-Вегаста өтеді. Бұрын хабарлағанымыздай, жекпе-жектегі боксшылардың гонорары 200 млн доллар. 120 миллионы Мейвезерге, ал 80 миллионы Пакьяоға тиесілі. Боксшылар Мейвезердің еншісіндегі WBA, WBC және WBO тұжырымдарының чемпионы атағын сарапқа салады.

Айта кету керек, 36 жастағы Пакьяо бүгінге дейін 57 кездесу өткізіп, 52-сінде жеңіске жеткен (38 КО), 5-інде жеңілген, 2-інде тең түскен. Ал америкалық боксшы 47 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңілмеген (28 КО).

Bnews.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или