Бақбергенова мен Қасымова Түркиядағы турнирде жүлде алды

Түркияда күрестен "Яшар Догу" турнирі мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде екі қазақстандық балуан жүлдегер атанды.
Атап айтар болсақ, 62 келідегі Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде тағынды.
68 келідегі Жәмила Бақбергенова турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үздік үштікке енген. Бірінші және екінші орынды тиісінше Болгария мен Түркия иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или