Елена Рыбакина әлемдегі үздік жиырма теннисшінің қатарына қайта енді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік жиырма теннисшінің қатарына қайта енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Е.Рыбакина 21-ден 20-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 42-ден 43-ке сырғыса, Зарина Дияс 101-сатыда қалды.
Дүниежүзілік рейтингте аустралиялық Эшли Барти бұрынғыша көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.
Ерлер арасында Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те 39-дан 38-сатыға, Михаил Кукушкин 106-дан 105-ке жоғарылады. Дмитрий Попко 187-орында тұр.
Үздік үштікте – сербиялық Новак Джокович, ресейлік Даниил Медведев, испаниялық Рафаэль Надаль.