Хорватия - Испания және Франция - Швейцария матчтарының тікелей трансляциясы

Хорватия - Испания және Франция - Швейцария матчтарының тікелей трансляциясы

28 маусымда және 29 маусымға қараған түні Копенгаген пен Бухарестте футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хорватия мен Испания ширек финалға берілер жолдаманы Копенгагендегі «Паркенде» сарапқа салады. Хорваттар үшін топтық кезең ауыр болды. Олар үш матчтың бірінде ғана жеңіске жетті, бірақ төрт ұпай жинап, екінші орынмен шықты. Испандар топтық кезеңде жеңілген жоқ, бірақ бір мәрте ғана жеңіске жетті. Qazaqstan телеарнасы көрсететін Хорватия - Испания матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Бухарестте Франция мен Швейцария кездеседі. Француздар Германия, Португалия және Венгрия құрамаларымен бірге «өлім тобына» түскен. Бірақ бес ұпай жинап, бірінші орынмен шықты. Турнирдің топтық кезеңінде Швейцария құрамасының жолы болды. А тобында олар мүмкін болған тоғыз ұпайдың тек төртеуін жинап, үшінші орын алды. Франция - Швейцария матчының тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында болады және Қазақстан астанасы уақытымен 00:50-де басталады. Эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или