Головкин басқа елдің тумасы, сол себепті онымен бірдеңе істеуіміз керек – АҚШ бапкері

Головкин басқа елдің тумасы, сол себепті онымен бірдеңе істеуіміз керек – АҚШ бапкері

Орта салмақтағы америкалық кәсіпқой боксшы Шон Портердің бапкері Кен Портер WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (32-0, 29 КО) лайықты қарсылық көрсете алатын бірнеше боксшының есімін атады, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Меніңше, Геннадий Головкинді жеңуге біздің толық мүмкіндігіміз бар. Біз деп отырғаным – Америка жігіттері. Мен мұны Головкин басқа елдің тумасы болғандықтан ерекшелеп айтып отырмын. Оны жеңу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Андре Уорд пен Питер Куиллин де Головкинді жеңетіндей мүмкіндікке ие. Естеріңізде болса, Головкин әуесқой бокста өнер көрсетіп жүргенде Андре Диррелл қазақстандыққа лайықты қарсылық көрсеткен болатын. Ал Андренің бауыры Энтони Диррелл Головкинді айқын басымдықпен ұтады деп ойлаймын. Тіпті, Хопкинстің өзі қазақстандыққа адуынды қарсылас болар еді», - дейді Кен Портер.

Ал 2013 жылдың 19 қаңтарында Головкиннен оңбай таяқ жеген америкалық кәсіпқой боксшы Габриэль Росадо қазақстандықты жңетін бір ғана боксшы бар болса, ол Сауль «Канело» Альварес (44-1-1, 31 KO) деген еді.

Естеріңізге саламыз, отандасымыз Геннадий Головкин кәсіби карьерасында 32 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (29 КО). Бұған қоса, ақпанның 21-інен 22-іне қараған түні британиялық Мартин Мюррейді мерзімінен бұрын ұтып, үздіксіз нокауттар санын 19-ға жеткізді. Сөйтіп, ол өз заманында атышулы Майк Тайсон жасаған рекордты жаңартты.

Айта кету керек, күн өткен сайын тәжірибесіне тәжірибе, күшіне күш қосқан отандасымыз жайлы талай әңгімелер айтылып жүр. Бірі орта салмақта Головкиннің қарқынына қарсы тұратын боксшы жоқ, сол себепті ол ауыр салмаққа ауысуы тиіс десе, Шон Портер сынды боксшылардың жақтастары өз боксшысының танымалдылығын арттырып, ұпай жинап қалу мақсатында сыпсың сөздермен шектеліп қалып отыр. Ал нақты іске көшкендері әзірге жоқ.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или