VRINGe басылымы Жәнібек Әлімханұлының айқасына жоғары баға берді

VRINGe басылымы Жәнібек Әлімханұлының айқасына жоғары баға берді

vRINGe.com басылымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының айқасына жоғары баға берді.

«Virgin Hotels, Лас-Вегас, АҚШ. Орташа салмақ лимитінде (72,6 кг-ға дейін) Қазақстаннан келген Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 KO) оп-оңай жеңіп кетті.

«Қарсыластар біразға дейін бір-бірінің қимылын аңдып жүріп алды. Брэндтің дайындықсыз шабуылы сол жақ бүйірден тиген соққымен аяқталды. Америкалық қарқын мен қашықтықты сезіне алмады: джеб соққылары дұрыс тимеді, шабуылдары да дарымай, керісінше соққының астында қалды.

Бранттың жаттықтырушысы Брайан Макинтайр Бранттан жекпе-жекті күшейтіп, қашықтықты қысқартуды, бірінші нөмірмен жұмыс істеуді талап етті. Алайда ол бәрін керісінше жасады – қарсыласынан қашқақтап, араларын ұзартып алды. Жекпе-жектің бір жақты болғаны сонша, оны жалғастырудың мәні қалмады.

Осылайша Қазақстанда орта салмақтағы топ-10 екінші боксшы бар. Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или