«Sky Sports Boxing» Әлімханұлының жеңісінен кейін: «Қазақ стилі» үлкен қауіпке ұқсайды
«Қазақ стилі» орта салмақта үлкен қауіпке ұқсайды. «Sky Sports Boxing» бүгін Жәнібек Әлімханұлының жеңісінен кейін Twitter-де осылай жазды.
Танымал британдық телефраншиза «Sky Sports Boxing»-нің Twitter-аккаунты орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6КО) америкалық Роб Брантпен (26-3, 18КО) жекпе-жегіне баға берді.
«Әлімханұлы Брантты ойсырата жеңді. Роб Брантты алтыншы раундта «отырғызып», сегіз раундтан кейін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр еткен соң, «Қазақ стилі» орта салмақта үлкен қауіпке ұқсайды», – деп жазды басылым.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или