Әлімханұлы – Брант: Соққылардың статистикасы мен төрешілер есебі жарияланды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) америкалық Роб Брантты жеңіп, профи-рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Амарикалық боксшы тоғызыншы раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
The Ring басылымы кездесу тоқтатылғанға дейінгі төреші хаттамасының көшірмесі мен боксшылардың соққысының статистикасын жариялады.
CompuBox статистикасына сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 293 соққы жасп, оның 83-і діттеген жеріне жетті (дәл соққы пайызы - 28%), ал Бранттың 166 соққысының тек 22-і дәл тиді (13%).
Ал төрешілер есебіне келсек, үш төреші де (Макс де Лука, Лиза Джампа, Тим Читэм) 28 жастағы қазақстандық рингтегі сегіз раундтың бәрінде жеңді деп есептейді. Үш төреші де Әлімханұлының пайдасына 80:71 есебін тіркеді.
