Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы оныншы жеңісін тойлады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) профи-рингте өзінің оныншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, орта салмақтағы әлемнің бұрынғы «тұрақты» WBA чемпионы америкалық Роб Брантамен (26-2, 18 КО) кездесті. Жекпе-жек он раундқа есептеліп, Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. Брант тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Алтыншы раундта америкалық бір нокдаунға түсіп алды.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы оныншы рет жеңіске жетті, ал Роб Брант үшінші жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или