Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық файтер, M-1 Global экс-чемпионы Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде Рахмонов бразилиялық Мишель Празериспен (26-4) кездесті. Жартылай орта салмақтағы (77.1 кг) жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Шавкат қарсыласын партерде қылқындыру әдісімен жеңді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов карьерасында 14, америкалық промоушндегі 2-ші жеңісіне қол жеткізді.
Фото: MMA Junkie
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или