«Уайдаев? Одан да мықты қарсыластарым болды». Зәлілов Алматыдағы жекпе-жегі жайлы

«Уайдаев? Одан да мықты қарсыластарым болды». Зәлілов Алматыдағы жекпе-жегі жайлы

10 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде Ержан Зәлілов жеңіліп көрмеген Бағдат Уайдаевқа қарсы жұдырықтасады.

- Ержан, Алматыдағы айқасыңызға дайындық қалай өтіп жатыр?

- Дайындық жақсы. Бабыма келдім. Әлі алдымызда екі апта дайындық уақыты бар.

- Сәуір айында қабырғаңызды жарақаттап алған едіңіз. Қазір денсаулығыңыз қалай?

- Емделу процесі жақсы өтті. Қазір еш жерім ауырмайды. Спаррингтер тамаша өтіп жатыр.

- Қазақстанда соңғы рет төрт жыл бұрын шаршы алаңға шыққан едіңіз. Ұсыныс қалай түсті?

-  Маған тікелей Жалғас Түкешов хабарласып, жекпе-жек өткізуді ұсынды. Көп ойланбастан келісімімді бердім.

- Қарсыласыңыз жайлы не айтасыз?

- Шынына келсем, ерекше ештеңе байқамадым. Одан да мықты қарсыластармен кездескенмін.

- Жекпе-жектен не күтесіз?

- Ешқашан жеңіл айқас болады деп ойламаймын. Әркез қиын, ұзақ жекпе-жекке дайындаламын. Жақсы айқас көрсетеміз деген ойдамын.

-

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или