«Арис» ойыншысы «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін білдірді
Грекиялық «Арис» командасының ойыншысы Бруно Гама Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін білдірді.
— Біз келесі кезеңге өтетінімізге сенемін. Қарсыласымыз қарымды. Дегенмен дәл қазір топтық кезеңге өтуге тамаша мүмкіндік туып тұр.
«Астана» — мықты ұжым. Қарсыласымыздың жасанды алаңы қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ біз бұл туралы ақылдастық. Алдымызда төрт апта уақыт бар. Матчқа тыңғылықты дайындаламыз, дейді футболшы «OnSports» басылымына берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или