Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Видео
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) кәсіпқой бокс кешіне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) бұрынғы WBA чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады.
Екі боксшы да таразыда 159,6 фунт (72,39 кило) көрсетіп, орта салмақ шегінен (160 фунт) асқан жоқ.
Әлімханұлы мен Брант арасындағы жекпе-жекте 28 жастағы қазақстандыққа тиесілі орта салмақтағы WBC Continental Americas және WBO Global белбеулері сарапқа салынады.
Лас-Вегастағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі 10-кездесуін өткізеді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 27 маусым таңертең өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или