Қазақстандық теннисшілер Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстандық теннисшілер Олимпиадаға жолдама алды

Теннистен Қазақстан құрамасы командасының өкілдері Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев Токио Олимпиадасының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Жолдама иегерлері Халықаралық теннис федерациясы ерлер мен әйелдер арасындағы олимпиадалық рейтингке квоталар бөлінгеннен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетіне Кукушкиннің 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жекелей сында қатысуын растағаннан кейін белгілі болды.

Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды. Бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина және Ярослава Шведова Токио олимпиадасына жолдама алған болатын. 

Теннистен жұптық сынға жолдамалар бөлек үлестіріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасында 28 спорт түрінен 84 лицензия бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или