Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет Роб Брантпен бетпе-бет кездесті

Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет Роб Брантпен бетпе-бет кездесті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жекпе-жек қарсаңында америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Әлімханұлының Брантпен алғашқы бетпе-бет кездесуі болды. Еске салайық, олардың жекпе-жегі 27 маусым, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтеді.

Соңғы рет Әлімханұлы рингке 2020 жылдың қазан айында шығып, екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді. Роб Брант 2020 жылдың тамызында рингке шығып, бесінші раундта украиналық боксшы Виталий Копыленконы (28-3, 16 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или