Рыбакина Англиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Рыбакина Англиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ширек финалында ол латвиялық Анастасия Севастованы жеңді. Қорытынды есеп 2:6, 7:6, 7:6.

Кездесу 2 сағат 32 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Елена 3 эйс, 5 брейк жасады.

Жартылай финалда Рыбакина Латвияның тағы бір өкілі Елена Остапенкомен ойнайды.

 

ATP Tour турнирлерінде эйс саны бойынша қазақстандық теннисші көш бастап тұр

Елена Рыбакина Уимблдонда еленгендер тобында болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или