«Өлім тобында» нағыз шоу болды, Испания бес гол соқты, ал Левандовскидің дублі поляктарды құтқармады

«Өлім тобында» нағыз шоу болды, Испания бес гол соқты, ал Левандовскидің дублі поляктарды құтқармады

Еуропа чемпионатында топтық кезең аяқталды. Prosports.kz – кешегі матчтардың ең қызық сәттері туралы.

Е тобы.

Словакия – Испания 0:5 

Бұл матчта Энрике командасын тану мүмкін болмады. Шабуылды шабуылға ұластыра берді. Бірақ қақпашы Мартин Дубравка словакиялықтарды құтқарып, тіпті, пенальтиді қайтарды. Бірақ 30-минутта голкипер өз қақпасына гол соғып алды.   

Кейін испаниялықтар тағы үш гол соқты. Соңында Юрай Куцка да допты өз қақпасына бағыттап, ойын нүктесін қойды. Осы жеңістің арқасында Испания екінші орынға көтеріліп, плэй-офф кезеңіне тікелей жолдама алды. Ал үшінші орынға түскен Словакия турнирмен қоштасты. 

Еуропа чемпионаты – 2020. Е тобы. 3-тур.

Словакия – Испания 0:5 (0:2)

Голдар: Дубравка а/г 30, Ляпорт 45+3, Сарабия 56, Торрес 67, Куцка а/г 71.

Соғылмаған пенальти: Мората 12.

23 маусым. Севилья. «Ла-Картуха». 

Швеция – Польша 3:2 

Эмиль Форсберг екі гол соққан соң, шведтерге жеңіс сыйлады деп ойлағанбыз. Бірақ кейін іске Роберт Левандовски кірісіп, таразы басын теңестіріп тастады. Ал қосымша уақытта Виктор Классон поляктар үмітін су сепкендей басып тастады. Осылайша, Швеция топта бірінші орын алса, Польша үшін турнир аяқталды.  

Еуропа чемпионаты – 2020. Е тобы. 3-тур.

Швеция – Польша 3:2 (1:0)

Голдар: Форсберг 2, 59, Классон 90+4 – Левандовски 61, 84.

23 маусым. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург». 

F тобы.

Германия – Венгрия 2:2 

Венгрия - топтық кезеңдегі басты сенсация. Иә, олар 1/8 финалға шыққан жоқ, бірақ «өлім тобында» екі ұпай еншілей алды. Кеше неміс жанкүйерлері матч бойы алаңдаулы болды. Алдымен Адам Шалаи Венгрияны алға шығарды. Германия есепті теңестірген еді, көп ұзамай Андрас Шофер Венгрияны қайта алға шығарды. Тек матч соңына қарай немістер тең есепті жұлып әкетті. Осы бір ұпайдың өзі Германияның плэй-офф кезеңіне шығуына жеткілікті болды. Ал Венгрия, амал жоқ, үйіне қайтады. 

Еуропа чемпионаты – 2020. F тобы. 3-тур.

Германия – Венгрия 2:2 (0:1)

Голдар: Хаверц 66, Горецка 84 – А. Шалаи 11, Шофер 68.

24 маусым. Мюнхен. «Арена Мюнхен».

Португалия – Франция 2:2 

Бұл ойында голдарды тек бұрын мадридтік «Реалда» бірге өнер көрсеткен Криштиану Роналду мен Карим Бензема соқты. Топта португалиялықтар үшінші, француздар бірінші орын алды.

Матчтағы төрт голдың үшеуі пенальтиден соғылды. 

Чемпионат Европы – 2020. Группа F. 3-й тур.

Португалия – Франция 2:2 (1:1)

Голы: Роналду пенальтиден 31, пенальтиден 60 – Бензема пенальтиден 45+2, 47.

24 маусым. Будапешт. «Пушкаш Арена». 

Кеше «өлім тобындағы» жағдай қандай болғанын осылай ғана түсінуіңізге болады:

1-минут. Венгрия топтан шықпайды.

11-минут. Германия топтан шықпайды.

47-минут. Португалия топтан шықпайды.

60-минут. Германия топтан шықпайды.

66-минут. Венгрия топтан шықпайды.

68-минут. Германия топтан шықпайды.

84-минут. Венгрия топтан шықпайды.

Енді Еуропа чемпионатында екі күн демалыс болады. 26 маусымда және 27 маусымға қараған түні Уэльс – Дания және Италия – Австрия матчтары өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или