Елена Рыбакина Истбурнда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты
<span>Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.</span>
<span>Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы доданың 2-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Бірінші партияда брейкпен алға шыққан Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды - 6:4. </span>
<span>Екінші сет одан да тартысты өрбіп, тай-брейкте Елена жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3). Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или