Данияр Елеусінов промоутер Эдди Хирннен неге кетті?
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) «Спорт Шрёдингера» Youtube-каналына берген сұхбатында промоутер Эдди Хирннен неге кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, промоутер мен боксшы арасындағы келісімшарт аяқталған.
«Иә, жай келісімшарт мерзімі бітті. Олар соңғы жекпе-жекті сәуірде өткізуі керек еді, бірақ біз келісе алмадық, бір пікірге келе алмадық, сондықтан бұл жекпе-жек болмады. Сөйтіп жүргенде келісім мерзімі аяқталды. Олар маған басқа келісімшарт ұсынған... Бірақ біз басқа нұсқаларды қарастыруды жөн көрдік», - деді боксшы.
Ол Эдди Хирннен жанжалсыз кеткенін айтты.
«Эдди Хирнге деген ренішім жоқ - тек қана алғыс сөздер: ол маған бейімделуге уақыт берді, кәсіпқой бокс - бұл мүлдем басқа спорт түрі. Мен осы уақытты пайдаландым. Әрине, одан да көп жекпе-жек өткізуге болатын еді, бірақ бұл жерде күтпеген жағдай болды - карантин шаралары, қазіргі жағдайлар. Сондықтан, жекпе-жек аз болып қалды», - деді Елеусінов.