Хоккей

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Алтай Торпедоға» ауысты

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Алтай Торпедоға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Өскемен хоккей мектебінің түлегі Михаил Качулин туған жеріне оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Алтай Торпедо» шабуылшы Михаил Качулинмен келісімшарт бір жылға жасалған.

33 жастағы хоккейші бұған дейін «Алматыда» өнер көрсетті (36 матч, 5+6). Ол мансабында «Казцинк-Торпедо», «Барыс», «Ертіс», «Бейбарыс», «Арлан», «Құлагер», «Астана», «Горняк», «Алматы» клубтарында бақ сынаған. Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасына шақыртылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер