Бақтиер Зайнутдинов оқу-жаттығу жиынында негізгі топқа қосылады
Мәскеулік ЦСКА-ның ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов жалпы топқа қашан қосылатынын айтты.
Бақтиер Зайнутдинов наурыз айында жарақат алып, мамырда ота жасатты. Араға бір ай салып футболшы командасының сапына қосылды.
Футболшы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында, жарақатының тез жазылып жатқанын айтып, негізгі топқа екінші оқу-жаттығу жиынында қосылатынын мәлімдеді.
Осы маусымда 22 жастағы Зайнутдинов мәскеулік клуб сапында 22 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или